Валюта болжамы: 11 желтоқсан – 15 желтоқсан

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар

Atameken Business Channel теңгенің долларға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (11 желтоқсан – 15 желтоқсан).

Осы аптада abctv.kz сауалнамасына қатысқан сарапшылардың талқылауына түскен басты тақырып доллардың жағдайы мен мұнай бағасы болды. Сарапшылардың болжамы бойынша, доллардың нығаюына бірнеше фактор әсер етті. Біріншіден, әлемдік валюта нарығы сәрсенбі күні шығатын АҚШ-тың  ФРЖ-сының пайыздық мөлшерлеме бойынша шешімін күтіп отыр. Бұл жайында «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ, «Телетрейд Групп»  компаниясы сарапшылары еске салды, олар пайыздық мөлшерлеменің өсетініне 100% сенімді.

Жұма күні жарияланған АҚШ еңбек нарығы бойынша статистика да әсер етуші факторлардың бірі болды. «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ сарапшылары ауылшаруашылығы емес сектордың  ішіндегі ең жақсы мәлімет жұмыссыздық бойынша көрсеткіш  бірқалыпты болып, доллар индексін нығайтты десе, Bekis компаниясы бұл жағдай америкалық валютаның әлсіреуіне әкелуі мүмкін деп отыр.

«ФИНАМ» компаниясы тобы, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ, «Аналитика онлайн Қазақтан» компаниясының сарапшылары мұнай бағасы өседі деген пікірді ұстануда.

Сарапшылардың атап кеткен басқа да триггерлерінің арасынан Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ел азаматтарына шетелде ақша сақтауға тыйым салған ұсынысын айтуға болады. «Альпари» компаниясының сарапшылары Қазақстанның валюта нарығы айтылған ұсынысқа әзірге жағымды әсер ете алмайды десе, «Аналитика онлайн Қазақстан» компаниясындағылар керісінше, бұл бастама теңгеге қолдау болады деп отыр.

Сарапшылардың толық пікірін abctv.kz дайындаған төмендегі сауалнамадан оқи аласыздар.

Наталья Мильчакова, «Альпари» сараптама департаменті директорының орынбасары:  

11 желтоқсан – 15 желтоқсан

Қазақстанда азаматтардың ақшасын тек ел аумағында сақтауға міндеттейтін және ақшаны шетелде сақтауға тыйым салатын заң қабылдануы мүмкін. Заң президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша әзірленеді. Заңның негізгі мақсаты - Қазақстаннан ақшаның жылыстауын төмендету болып табылады. Бұл заңды қабылдау ел экономикасы үшін жағымды болғанмен, валюта нарығы бұған әзірге  дайын емес.

Біздің болжамымыз бойынша теңгенің долларға шаққандағы бағамы бір доллар үшін 332-334 теңге, ал теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,57-5,6 теңге болады.

Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:

11 желтоқсан – 15 желтоқсан

Өткен сауда сессиясында америкалық доллар индексі ішкі статистика бойынша және екі палата конгресінің бірлескен салық реформасы құжатын әзірлеу есебінен шамамен 0,3% қосты. Citi басшылығы салық реформасы кейінге қалдырылған салық активтерінің құнын есептен шығару және шетелдік пайданы қайтару есебінен  банк табысын 20 млрд долларға азайтуы мүмкін деп есептейді. Ал осы уақыт  ішінде америкалық биржа алаңдары АҚШ-тың үй шаруашылығының әл ауқатын арттырады. Ол үшінші тоқсан қорытындысы бойынша 1,74 трлн долларға өсіп, рекордтық 96,9 трлн долларға жеткен, оның 1,4 трлн доллары акциялар мен зейнетақы салымдарының құны.

Жұма күні компания АҚШ-тың бұрғылау жұмысы бойынша апталық мәліметті ұсынды, бұл мәлімет «қара алтынның» келесі аптадағы бағасына әсер ететін болады. 

Қазіргі жағдай  Brent маркалы мұнай бағасына қолдау болып, оны  61,90 доллар бағасында ұстап тұр. Ал «қара алтынның» бағасын өсіру үшін бір баррельдің құны 63 доллар деңгейінен асу керек.

Алдағы аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы бір рубль үшін 5,6-5,8 теңге ал теңгенің долларға шаққандағы бағамы 332-335 теңге шамасында болады деп болжап отырмыз. 

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:

11 желтоқсан – 15 желтоқсан

Ақ үй бюджет бойынша келісімге қол жеткізгеннен кейін, АҚШ доллары өсті. Бұған қоса өткен аптада мұнай бағасы да біршама түзелді. Мұның барлығы ресейлік рубль мен қазақстандық теңге үшін қысым болды. Сондай-ақ жұма күні кешке АҚШ еңбек нарығы бойынша статистика жарық көрді. Ауылшаруашылығы емес сектордың мәліметі нарықтың ойлағанынан да зор болды. Бірақ та жұмыссыздық деңгейі бұрынғыша көрсеткіште қалғандықтан, доллар индексі біршама тұрақталды. Алдағы сәрсенбі күні ФРЖ пайыздық мөлшерлемеге қатысты шешім шығарады, ал ол едәуір жоғары болуы мүмкін. Егер пайыздық мөлшерлеме жоғарылайтын болса, онда ол долларға қолдау болып, рубль мен теңгеге қысым жасайды. 

Сонымен қатар алдағы аптаның жұмасында Ресей  орталық банкінің отырысы өтеді.  Осы отырыста мөлшерлеме төмендеуі мүмкін.

Алдағы аптада доллар мен мұнай бағасы нығаяды деп болжап отырмыз. Рубль мен теңге үшін бұл қарама-қайшы екі фактор. Сондықтан бағам  біршама өзгеруі мүмкін. Алдағы аптада теңгенің долларға қатысты бағамы бір доллар үшін 332,5-337,5 теңге, теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,6-5,75 теңге болады. Ал мұнайдың бір баррелі 61,5-64 доллар болады деп отырмыз. 

Олег Богданов, «Телетрейд тобының» бас сарапшысы:

11 желтоқсан – 15 желтоқсан

Алдағы аптада қазақстандық теңгенің динамикасы emerging markets-тың басқа валюталарының траекториясына сәйкес келеді деп ойлаймын. Өйткені дәл қазіргі уақытта әлемдік валюта нарығы ФРЖ-ның пайыздық мөлшерлемесі бойынша шешімін күтіп отыр. Бұл мөлшерлеменің жоғары болатынына барлығы сенімді. Бұл америкалық доллардың нығаюына, сондай-ақ негізгі валюталардың және дамушы елдер валютасының нығаюына әкелетіні сөзсіз. Доллар индексі 94-ке дейін көтерілді.

Сәрсенбі күні шығатын шешімнен кейін доллар төмендеуі мүмкін. Бұл қысқамерзімді позиция. Жалпы әлемдік экономиканың өсу жылдамдығы аясында қазақстандық теңгенің жағдайы жаман емес, алдағы 3-6 айда теңге нығая түседі. Алдағы аптада теңге бағамы бір доллар үшін басында 336 теңге, содан кейін 332 теңге болады, тіпті 330 болуы да ғажап емес, ал рубльге қатысты бағам 5,55-5,65 шамасында сақталады. 

Михаил Цой, «Аналитика Онлайн Казахстан» компаниясының бас қаржы сарапшысы:   

11 желтоқсан – 15 желтоқсан

Алдағы апта қазақстандық теңге үшін тыныш өтеді. Теңге бағамына әзірге мұнайдың өсіп келе жатқан бағасы қолдау болады. Сонымен қатар оған қосымша Қазақстан президентінің заң шығару туралы бастамасы да қолдау болмақ. Келесі аптадағы USD/KZT жұбы 332-337 теңге аралығында саудаланады, ал теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,57-5,6 теңге болмақ. 

 

 

 

Мырзажан Байғонысов, Gerchik&Co-ның өңірлік серіктестігі – Bekis компаниясының аға менеджері:  

11 желтоқсан – 15 желтоқсан

Өткен аптада теңгенің долларға қатысты бағамы 331-335 теңге шамасында болды. Ал келер аптада доллар әлсіреп, 335 теңгеден 330 теңгеге дейін түсуі мүмкін.

Өткен аптада теңгенің рубльге шаққандағы бағамы 5,63-5,69 теңге шамасында болды. Ресей банкі 2018 жылы Ресейдегі инфляция деңгейі 4%-дан төмен болады деп отыр. Алдағы аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,63-569 теңге шамасында болады деп күтілуде. 

 

 

Дмитрий Лукашов, IFC Markets компаниясының сарапшысы:  

11 желтоқсан – 15 желтоқсан

Мұнайдың әлемдік бағасының өзгеруі салдарынан теңге біршама әлсірейді. Елбасы шенеуніктерге шетелдік  банктерде жатқан ақшаны қайтару мен «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға тапсырма берді. Бұл бастамада теңге бағамына  әсер етті.

Келер аптада бір доллар 330-338 теңге болуы мүмкін, ал рубль 5,57-5,74 теңге болады. 

 

 

 

11 желтоқсан – 15 желтоқсан

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу